Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

News

2508/18
Бельгийские инвесторы посетили месторождение «Сарыопан»

Бельгиялық инвесторлар «Сарыопан» кен орнына барды

«Kazakh Invest» компаниясының шақыруымен бельгиялық «Carmeuse Group» трансұлттық компаниясының өкілдері Қарағанды облысындағы «Сарыопан» кен орнына барды. Онда жоғары сапалы әк өндіретін зауыт салынатын болады.

«Carmeuse Group» компаниясы Бельгияда 1860 жылы құрылған және ол әк өндіретін әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі. Компанияның АҚШ, Канада, Италия, Франция, Словакия, Венгрия, Африка және Азия елдерінде 90 зауыты бар. Компанияның жылдық айналымы 1,5 млн. еуроны құрайды. Қазақстандық серіктес «Global Chemicals Company» ЖШС.  «Kazakh Invest» тарапынан шетелдік инвесторға жер қойнауын пайдалану келісім шартына қол қою жөнінен көмек көрсетілді.

«Біз «Kazakh Invest» компаниясына аталмыш мәселе бойынша көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреміз. Біздің жобамыздың жаңашылдығы, бұл технология әктің жұмсақ және қатты түрін өндіруге мүмкіндік береді», - деді Carmeuse Group компаниясының өкілі Вибаш Чаудхури.

Зауыт жылына 300 мың тонна әк өндіреді деп жоспарлануда. Инвестиция көлемі 55 млн. АҚШ долларын құрады. Кәсіпорында 105 жұмыс орны ашылады. Инвесторлар әк тасты өндірудің технологиялық жүйесі шикізаттың сапасына қарамастан кеннің кез-келген физикалық-химиялық талаптарына сәйкес келетін өнім шығаратындығын алға тартуда. Жоғары белсенді әктас түрлі-түсті және қара металдарды қалпына келтіреді және олардың технологиялық көрсеткіштерін арттырады. Нәтижесінде СО2 төменгі сапа құрамнан біркелкі сапалы шикізат шығады.

 

 


© 2020

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Administrative Activities Department